Саясат

Зектілері

Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Мәулен Ахметов
Мәулен Ахметов. Фото: instagram.com/ police_shymkent

Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Маулен Ахметов Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Маулен Ғабитұлы ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет етеді. Әртүрлі басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол.

Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2198678-shymkent-qalasy-politsiia-departamenti-bastygynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/