Саясат

Зектілері

Бүгін Талғарда жаңа әкім сайланады

Жарияланған күні:

шенеунік
Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 15 желтоқсан күні Талғарда жаңа әкім сайланады. Қаланың бұрынғы басшысы жасөспірімнің өлімінен кейін қызметінен босатылған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін ОСК аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Алматы облысы Талғар ауданында әкім сайлауы 2024 жылғы 15 желтоқсанда өтетінін хабарлаған еді.

Талғар әкімі қызметіне үш үміткер бар:

  • Арыстанбек Әбілқайырұлы, 1983 жылы дүниеге келген, Amanat партиясынан ұсынылып отыр. ОЛ "Талғар тұрғын үй" ЖШС басшысы.
  • Жәнібек Кәденов, 1991 жылы дүниеге келген, Қазақстан халық партиясынан ұсынылған. Талғар аудандық әкімдігінің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман қызметін атқарады.
  • Әлібек Рамазанов, 1982 жылы туған, өз-өзін ұсынып отыр. Қазіргі уақытта Бесағаш ауылдық округінде ауыл әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.

Осыған дейін қала бойынша әкімдікке 9 үміткер тіркелген еді. Алайда олардың екеуі талапқа сай келмесе, қалған төртеуі кейін өз кандидатурасын алып тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2200724-bugin-talgarda-zhanga-akim-sailanady/