jitsu gif
Саясат

    Ақтөбе облысының прокуроры тағайындалды

    Марат Әбішев
    Марат Әбішев. Фото: Т.me/GenPr

    Мемлекет басшысының келісімімен бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Тағайындалғанға дейін ол Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы лауазымын атқарған.

    Марат Әбішевтің орталық аппараттың бейінді бөлімшесіне басшылық жасауды және прокуратура органдарының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіруді қоса алғанда, айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол ел президенті қойған міндеттердің орындалуына, соның ішінде ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтаруға, азаматтардың еңбек құқықтары мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға жетекшілік етті.

    Марат Әбішев 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.

    Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Кейін Бас прокуратурада прокурор, содан кейін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаментінің басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының судьясы болып жұмыс істеген. Әр жылдары Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесін қорғау департаментінің аға прокуроры, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ бас прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

    Прокуратура органдарындағы жалпы жұмыс өтілі 22 жылдан асады. Кәсіби жетістіктері үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен және "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

    Ақтөбе облысының прокуроры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.