Саясат

Зектілері

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ғалымжан Мұстафаев
Ғалымжан Мұстафаев. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы министрлік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), «Болашақ» университетін (экономика) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.

1999-2001 жылдары– ауысу тәртібімен Қазалы аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңсесінің консультанты, маманы.

2002-2005 жылдары – Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекші маманы, бөлім басшысы, қала әкімінің көмекшісі.

2005-2008 жылдары – жеке кәсіпкер.

2008-2010 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті заң бөлімінің бас маманы.

2010-2022 жылдары – Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары.

2022-2023 жылдары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы.

2023-2024 жылдары – ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.

2024 жылдан бастап осы кезең кезеңге дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2211183-oiyn-biznesin-zhane-lotereiany-retteu-komiteti-toragasynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/