Саясат

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Тілек Жеткізгенұлы
Тілек Жеткізгенұлы. Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тілек Жеткізгенұлы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 14 қаңтарда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай облыс активіне кандидатурасы Қазақстан президенті әкімшілігімен келісілген жаңа орынбасары Тілек Жеткізгенұлын таныстырған.

Тілек Жеткізгенұлы 1979 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі – жоғары.

2002 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолын 2001 жылы "Нефтебанк" акционерлік қоғамында несие бөлімінің маманы қызметінен бастап, кепілдік беру бөлімінің бас маманы, несие бөлімінің менеджері қызметін атқарған.

2006 -2007 жылдары "ТМ-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған.

2007-2010 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, кейін бөлім басшысы лауазымын, 2010-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2012-2015 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2015 -2019 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдары Маңғыстау ауданының әкімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2211465-manggystau-oblysy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/