jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Асылбек Нұралин мәжіліс депутаты болды

    Асылбек Нұралин
    Асылбек Нұралин. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Асылбек Нұралин мәжілістің жаңа депутаты болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegam-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асылбек Нұралин Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келген.

    Бүгін ол парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат ретінде ант беріп, мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның өкілеттігі тоқтатылып, бос мандат Асылбек Нұралинге берілгенін хабарлаған еді.

    ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Асылбек Жамашұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тілеген.

    Асылбек Нұралин мәжіліс депутаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.