jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкент және Атырау полиция департаменттерінде ауыс-түйіс болды (фото)

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкент қаласының және Атырау облысы полиция департаменттері бастығының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сай, Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев тағайындалды", - делінген Атырау облыстық ПД Instagram желісінде жариялаған хабарламада.

    Ерлан Биғамбаев
    Ерлан Биғамбаев. Фото: instagram.com/police.atyrau

    Ерлан Валерийұлы Атырау қаласының тумасы. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2002 жылдан бастап, бірнеше басшылық лауазымдарды атқарған.

    Жаңа лауазымына дейін Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған.

    Сондай-ақ ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Асылжан Оспанұлы Қалдарбеков Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған.

    Асылжан Қалдарбеков
    Асылжан Қалдарбеков. Фото: instagram.com/police_shymkent

    Шымкент қалалық ПД-ның ақпаратына сүйенсек, Асылжан Қалдарбеков ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2002-2014 жылдар аралығында тергеу саласында, соның ішінде Алматы қаласы ІІД-де түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

    2014-2019 жылдары Астана қаласы ПД Алматы АПБ-ның тергеу басқармасы бастығының орынбасары және Анықтау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

    Соңғы уақытта Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

    Шымкент және Атырау полиция департаменттерінде ауыс-түйіс болды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.