Саясат

Зектілері

Нұрәли Әлиев "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрәли Әлиев
Нұрәли Әлиев. Фото: ttc.kz

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Instagram желісіндегі парақшасында "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кететінін хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол жазбасында компаниядан не себепті кетіп жатқанын түсіндірген.

"Транстелеком" АҚ-да 10 жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін мен компанияның сатылуына байланысты акционерлер құрамынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдап жатырмын. Бұл жеке мен үшін де, керемет даму жолынан өткен компания үшін де маңызды кезең", - деп жазды Әлиев.

Әлиев компанияны 2013 жылдан бастап басқарып келді. Ол "Транстелеком" шағын жергілікті байланыс операторынан соңғы 10 жылда Қазақстанның цифрландыру стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан ұлттық ауқымдағы IT-компанияға дейін өскенін атап өтті.

"Мен әрбір қызметкерге, әрбір серіктеске, әрбір клиентке компанияның жетістігі мен дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс айтамын", - деп қосты Әлиев.

"Транстелеком" АҚ ресми сайтында Нұрәли Әлиев компанияның директорлар кеңесінің құрамына алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен сайланғаны жазылған.

2023 жылдың шілдесінде Нұрәлі Әлиевтің "Транстелеком" директорлар кеңесін басқаратыны хабарланды.

Zanartu қорының ресми сайтында хабарланғандай, Нұрәли Әлиев 1985 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің экономика және қаржы бакалаврын бітірген. Сондай-ақ Пеппердин университетінің іскерлік әкімшілендіру бакалавры, Имадек университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2219996-nurali-aliev-transtelekom-direktorlar-kengesining-toragasy-qyzmetinen-ketti/