jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

    Мағзұм Мырзағалиев
    Мағзұм Мырзағалиев. Фото: ortcom.kz

    Қазақстан президентінің жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

    Бұл қызметті атқарған Болат Оралұлы Ақшолақов лауазымынан босатылды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Президенті әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін де яғни 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында президенттің кеңесші қызметін атқарды. Бұдан бөлек, ол еліміздің энергетика, экология, геология және табиғи ресурстар министрі, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған.

    Ақордада кадрлық ауыс-түйіс: Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.