jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Президенттің кеңесшісі қызметін атқарған Ерұлан Жамаубаев жаңа лауазымға ие болды

    Ерұлан Жамаубаев
    Ерұлан Жамаубаев. Фото: akorda.kz

    Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.

    Ақордарның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген.

    1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде оқытушы-тағылымдамашы, оқытушы;

    1998-2014 жылдары – Қазақстан Ұлттық банкінің жетекші маманы, департамент директоры;

    2014-2015 жылдары – "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

    2015-2018 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;

    2018-2019 жылдары – Қазақстан президентінің көмекшісі;

    2019-2020 жылдары – Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

    2020-2022 жылдары – қаржы министрі;

    2022-2024 жылдары – премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі қызметтерін атқарған.

    2024 жылғы 20 мамырда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.