jitsu gif
Саясат

    Қазақстан ұлттық экономика бірінші вице-министрі тағайындалды

    Азамат Әмрин
    Азамат Әмрин. Фото: Үкімет

    Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген үкімет хабарламасында.

    Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

    1997 жылдан 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Салық комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2008–2011 жылдары — СҚО Шал ақын ауданының әкімі

    2011–2012 жылдары — "Амрин К. К." шаруа қожалығының менеджері

    2013–2020 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.