Рамиль Камалов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:

Үкімет қаулысымен Рамиль Камалов төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Рамиль Камалов 1976 жылы Торғай облысында дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақмола облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы № 84 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бастаған.
1998 жылы Ақмола облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері болып жұмыс істеді.
1998–1999 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы;
1999–2005 жылдары — Астана қаласы "Өрт сөндіруші" РМК филиалы өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы, өрт сөндіру тобының бас маманы;
2005–2006 жылдары — ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы;
2006–2014 жылдары — ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы, бастығы;
2014–2016 жылдары — ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы;
2016–2017 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
2017–2023 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2223305-ramil-kamalov-totenshe-zhagdailar-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/