jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жаңа басшы келді

    Әсет Ерғалиев
    Әсет Ерғалиев. Фото: primeminister.kz

    Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Ал бұл қызметті атқарған Жандос Нұрланұлы Шаймарданов мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған.

    Айта кетейік, Әсет Ерғалиев бұған дейін де (2022 жылғы қаңтар - 2023 жылғы қыркүйек) Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқарған еді.

    Бұдан бөлек ол еліміздің ұлттық экономика министрі, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жаңа басшы келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.