jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

    Ерсайын Нағаспаев
    Ерсайын Нағаспаев. Фото: ҚТЖ

    Ерсайын Нағаспаев Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Бұған дейін ол "ҚТЖ "ҰК"АҚ-да жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың міндетін атқарушы қызметінде болған.

    ҚТЖ ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Ерсайын Нағаспаев Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар"мамандығы бойынша бітірген.

    Ерсайын Қайырғазыұлы әр жылдары "Ақтау халықаралық сауда порты" РМК-да, Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінде және "Новострой Астана" ЖШС-де басшылық лауазымдар атқарды. 2021 жылдың сәуір айынан бастап Басқарушы "ҚТЖ "ҰК"АҚ қамтамасыз ету жөніндегі директоры қызметін атқарған.

    Қазақстан өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.