RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Танымал журналист Semei телеарнасының басшысы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрбек Бекен
Нұрбек Бекен. Фото: facebook.com/nurbek.bekenov

"Қазақстан" РТРК" АҚ Абай облыстық филиалының жаңа директоры тағайындалды. Енді Semei телеарнасын тәжірибелі тележурналист Нұрбек Бекен басқарады, деп хабарлайды Kazinform.

Агенттіктің жазуынша, Нұрбек Мұхаметқалиұлы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылында дүниеге келген. Журналистика саласындағы еңбек жолын 2003 жылы жергілікті телеарнада диктор ретінде бастаған.

"Қазақстан" РТРК мен 24KZ телеарнасының Қытайдағы, "Хабар" агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі болған.

Сонымен қатар Жамбыл облысында Aulieata-Media холдингі ЖШС бас директоры, Шығыс Қазақстан облысында "Шығыс-Ақпарат" медиа холдингі ЖШС басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінде және Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып еңбек еткен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында ашылған Qonaev media өңірлік телеарнасына танымал тележүргізушілер Қымбат Хангелдина мен Қымбат Досжан басшылық ететін хабарлаған едік.

Қымбат Хангельдина жаңа арнаның басшысы болса, бас продюсер қызметін Қымбат Досжан атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2232669-tanymal-telezhurnalist-semei-telearnasynyng-basshysy-bolyp-tagaiyndaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif