Саясат

Зектілері

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев жаңа қызметке келді

Жарияланған күні:

Азамат Есқараев
Азамат Есқараев. Фото: ҚР СІМ

Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Азамат Есқараев 2023-2025 жылдары еліміздің әділет министрі болды. Биылғы жылдың 9 қаңтарында лауазымынан босатылды.

Азамат Несіпбайұлы 1979 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 

2000-2005 жылдары Әділет министрлігінде бас маман, Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2005-2006 жылдары Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, 2006-2007 жылдары "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері болған.

2007-2012 жылдары Әділет министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген: құқықтық мәселелер жөніндегі консультант, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, министрдің көмекшісі, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Заңнама департаментінің директоры.

2012-2014 жылдары ЭҚСЖҚКА инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы, 2014-2019 жылдары премьер-министр кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2019 жылдан 2023 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі болған.

2023 жылғы қаңтардан бастап еліміздің Әділет министрлігін басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2233751-qazaqstannyng-birqatar-eldegi-elshisi-auysty/