Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:

Асан Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Асан Көбентайұлы Дарбаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Асан Дарбаев 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Warwick университетін (Ұлыбритания) бітірген.
2005 жылдан 2006 жылға дейін Қаржы министрлігі құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеген.
2006–2009 жылдары монополияға қарсы құрылымдардағы аумақтық бөлімшелерде бас маман болған.
2010 жылы "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ және "KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақ қауымдастығы"заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс істеген.
2013-2015 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті директорының орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымды қызметтер атқарған.
2015-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2234433-zhanga-ulttyq-ekonomika-vitse-ministri-tagaiyndaldy/