Шымкенттің Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалды
Жарияланған күні:

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі болып Алмас Абаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен, қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымына Алмас Емелтайұлы Абаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Алмас Емелтайұлы 1990 жылғы 11 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін және Италияда Тор Вергата университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы, құқық, мемлекеттік сатып алу саласындағы халықаралық магистр.
Еңбек жолын 2010 жылы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің "Еңбек-Ақмола" филиалында мемлекеттік сатып алу маманы болып бастаған.
2011-2022 жылдары жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2022-2023 жылдары Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 2023 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2236275-shymkenttegi-qaratau-audanyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/