Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:

Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ғұмар Серғазин Қазақ-Америка университетін (заңгер мамандығы бойынша), Қазақстан президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі), АЭХА Ядролық құқық институтын (Австрия) сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік институтын (электроэнергетика мамандығы бойынша) бітірген.
Еңбек жолын "Астана қаласы Сарыарқа ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ инспекторы, кеңесшісі, бас инспекторы, операциялық зал бастығының орынбасары болып бастаған (2008-2011 жылдары).
2011 жылы "БТА Банк" АҚ Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының Құқықтық сүйемелдеу бөлімінің заңгері (заң секторының меңгерушісі).
2011-2012 жылдары – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
2013-2014 жылдары – Өңірлік даму министрлігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінің Тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы.
2014 жылы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасының басшысы, Заң басқармасының басшысы.
2014-2016 жылдары – Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Заң басқармасының басшысы.
2016-2017 жылдары – Энергетика министрлігі Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті директорының орынбасары.
2017-2023 жылдары – Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры болған.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасарын тағайындаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2239956-atom-energiiasy-zhonindegi-agenttik-toragasynyng-tagy-bir-orynbasary-tagaiyndaldy/