jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның жаңа көлік министрі тағайындалды

    Нұрлан Сауранбаев
    Нұрлан Сауранбаев. Фото: primeminister.kz

    Еліміздің жаңа көлік министрі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін парламент мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында көлік министрі лауазымына Нұрлан Сауранбаевтың кандидатурасы келісілген еді.

    Нұрлан Сауранбаев бұл қызметте Марат Қарабаевты алмастарды.

    Президент көлік министрлігін екі жылдай басқарған Марат Қарабаевты 2025 жылғы 8 маусымда лауазымынан босатқан еді.

    Қазақстанның жаңа көлік министрі тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.