jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды

    Талғат Алдыбергенов
    Талғат Алдыбергенов. Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

    "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы болып Талғат Сағиұлы Алдыбергенов тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Талғат Алдыбергенов бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Жаңа төрағаны ұжымға "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов таныстырған.

    Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.

    Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жолы:

    • 1992-1998 жылдары – Батыс Қазақстан теміржолында тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.
    • 1998-2007 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.
    • 2008-2019 жылдары – "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС бас директоры, Kazakhmys Maker ЖШС басқарма төрағасы. 
    • 2024 жылдан бүгінге дейін "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.