jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Мейрамбек Шермағанбет
    Мейрамбек Шермағанбет. Фото: gov.kz

    Президент әкімшілігінің келісімімен, өңір әкімінің өкімімен Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әкімдіктің мәліметінше, Мейрамбек Зинабдинұлы осыған дейін атқарып келген Қазалы ауданының әкімі қызметінен босатылған.

    Қазалы аудандық әкімдігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Тарих", "Экономика", Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты.

    Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы сынды жауапты қызметтер атқарған.

    2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.

    2023 жылдың шілде айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2024 жылдың ақпан айынан бастап жаңа қызметіне дейін Қазалы ауданының әкімі болған.

    Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.