Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын тағайындады
Жарияланған күні:

Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары ауысты. Сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Серік Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген. Үйленген, үш баласы бар.
2016 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.
1990-1992 жылдар аралығында Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызметін атқарды. 1992-2004 жылдар аралығында жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет етті. 2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – ҚМ Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2005 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың маусым айына дейін РФ ҚМ әскери бөлімінің тыңдаушысы;
2007 жылдың маусымнан 2008 жылдың қаңтарға дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері»;
2008 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың мамырына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, институт бастығының орынбасары – Әскери-теңіз институты штабының бастығы;
2011 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың шілде айына дейін 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары;
2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қазан айына дейін ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;
2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін ҰҚУ жанындағы БШФ АК тыңдаушысы;
2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қазан аралығында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) – ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2016 жылдың қазанынан 2019 жылғы маусым аралығында ҚМ Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы;
2019 жылдың маусымы мен қараша айлары аралығында ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы.
2019 жылдың қарашасынан 2022 жылғы шілдеге дейін Бас штаб бастығының орынбасары – ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы;
2022 жылдың шілдесінен 2023 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.
2023 жылдың ақпаннан 2024 жылдың маусымға дейін Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары.
2024 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Ал Қанат Ниязбеков туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында қысқа ғана – Бас штаб бастығы – Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан екені көрсетілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2275497-toqaev-qorganys-ministrining-orynbasaryn-zhane-askeri-tengiz-kushterining-bas-qolbasshysyn-tagaiyndady/
