Ерболат Садырбаев ТЖ вице-министрі болып тағайындалды
Опубликовано:
Ерболат Садырбаев төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазселденқорғау" ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерболат Садырбаев 1982 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).
Әр жылдары жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарда, сот жүйесінде, Қазақстан президенті Іс басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Айта кетелік, бұған дейін төтенше жағдайлар вице-министрі болған Серік Төленбергенов қызметінен босатылып, Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2281998-erbolat-sadyrbaev-tzh-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/