jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

    Ермек Көшербаев
    Ермек Көшербаев. Фото: primeminister.kz

    Ермек Көшербаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетелік, бұған дейін Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болды. Жаңа қызметінде ол Мұрат Нұртілеуді алмастырды.

    Мұрат Нұртілеу еліміздің сыртқы істер министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

    Айта кетелік, Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

    Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.