jitsu gif
Саясат

    Ермек Көшербаев премьер-министрдің орынбасары болды

    Ермек Көшербаев
    Ермек Көшербаев. Фото: ШҚО әкімдігі

    Шығыс Қазақстан облысын басқарған Ермек Көшербаев үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, жаңа қызметіне дейін Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды. Бұл қызметке ол 2023 жылғы 16 маусымда тағайындалды.

    Сондай-ақ ол Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі сынды лауазымды қызметтерді атқарған.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болған Тамара Дүйсенова Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.