jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды

    Жұлдыз Сүлейменова
    Жұлдыз Сүлейменова. Фото: YouTube /ҚР Парламенті Мәжілісі

    Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Жұлдыз Сүлейменова министр лауазымына тағайындалғанға дейін мәжіліс депутаты, мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

    Мәжілістің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Жұлдыз Сүлейменова 1983 жылы дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

    Еңбек жолын 2004 - 2006 жылдары Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты оқытушысы болып бастады. Кейін Жастармен іс жөніндегі комитетінің төрайымы болған.

    2006 жылы "Нұр Отан" ХДП Ақтөбе облыстық филиалының консультанты, "Жас Отан" Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары;

    2007 - 2008 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның тарих және құқық пәні мұғалімі;

    2008 - 2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің жетекші маманы, проректордың орынбасары, Жастар әкімшілігінің төрағасы;

    2011 - 2011 жылдары Халықаралық Бизнес Академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы;

    2011 - 2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми хатшысы;

    2012 - 2019 жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаментінің аға менеджері, директордың орынбасары, директоры;

    2019 - 2021 Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры;

    2021 - 2023 VII сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік - мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

    Айта кетейік, бүгін, 29 қыркүйекте президенттің Жарлығымен Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды.

    Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.