jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

    Ғани Майлыбаев
    Ғани Майлыбаев. Фото: gov.kz

    Бұған дейін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет еткен Ғани Майлыбаев 2025 жылғы 3 қазаннан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, ​Ғани Майлыбаев 1987 жылы туған, білімі жоғары.

    2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін "қаржы" мамандығы, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын "аймақтық және муниципалды басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    2010 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде "құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2008 Алматы қаласы "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.

    Әр жылдары Алматы қаласы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

    2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.

    Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.