jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Қанат Есболатов
    Қанат Есболатов: gov.kz

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Өңір әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы облысы әкімінің өкімімен Қанат Болатұлы Есболатов 2025 жылғы 3 қарашадан бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Қанат Болатұлы 1982 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2002 жылы "Досанов" шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бір жолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, Megaron & K ЖШС-нің қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2022 жылғы қыркүйектен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі болған.

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.