jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тимур Елеусізов "Жасыл-Алматы" КММ басшысы болып тағайындалды

    Тимур Елеусізов
    Тимур Елеусізов. Фото: t.me/almaty_akimat/33023

    Елеусізов Тимур Мэлсұлы "Жасыл-Алматы" ("Зеленстройдың" заманауи баламасы) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.

    Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылған мекеме қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады. Бұл туралы қаланың қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері айтты.

    Жаңа құрылымның негізгі міндеті — жасыл аумақтарға жүйелі күтім жасау, тәртіп орнату, сондай-ақ оларды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті нақты бөле отырып, тәжірибелік нәтижеге бағытталған бірыңғай тәсілді қалыптастыру.

    "Жасыл-Алматы" КММ-ні құру туралы шешім қаладағы жасыл қорды басқару саласында жинақталған мәселелерді, бірыңғай оператордың болмауын және жасыл желектерге күтім жасаудағы бытыраңқы тәсілді ескере отырып қабылданды.

    Тимур Елеусізов "Жасыл-Алматы" КММ басшысы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.