Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа лауазымға ие болды
Опубликовано:
Читать на русском
Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жақында "Түркістан БГҚ" ЖШС-ның ресми сайтында және желідегі аккаунтында Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымовтың "Түркістан БГҚ" ЖШС-не жұмыс сапарымен барғаны туралы ақпарат жарияланды.
NUR.KZ тілшісі Шымкенттің экс-әкімінің жаңа лауазымына қатысты сауалмен Samruk-Kazyna Construction АҚ-ның баспасөз қызметіне жүгінді.
Компанияның баспасөз қызметі Ғабидолла Әбдірахымов шынымен де акционерлік қоғамда жұмыс істейтінін, бұл қызметке ол 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскенін мәлімдеді.
"Ғабидолла Әбдірахымовтың экономика және басқару саласында білімі бар, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы аясында мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент әкімшілігінде және Қазақстан үкіметінде басшылық лауазымдарды атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталған", - делінген хабарламада.
Бұл ретте компанияның баспасөз қызметінің өкілдері Ғабидолла Әбдірахымовтың Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма мүшесі емес екенін атап өтті.
Айта кетелік, Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары және 2018-2019 жылдары басқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2329767-shymkentting-buryngy-akimi-gabidolla-abdirahymov-samruk-kazyna-construction-aq-da-lauazymga-ie-boldy/