jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Мәлік Әбдіқадыров
    Мәлік Әбдіқадыров. Фото: t.me/mangystau_press

    Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Мәлік Әбдіқадыров "Қайнар" университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "мұнай-газ ісі" бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде құқық магистрі дәрежесін иеленген.

    Ұзақ жыл бойы облыстық прокуратурада қызмет еткен, Бас прокуратураның басқармаларында басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Басра қаласында (Ирак) "Лукойл-Оверсиз" компаниясының "Западная курна"-2 жобасына қатысқан, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарған.

    2020-2024 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары болған.

    Жаңа қызметіне дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.