jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қазақстанның Руандадағы елшісін тағайындады

    Барлыбай Садықов
    Барлыбай Садықов. Фото: t.me/pressmfakz

    Барлыбай Садықов Қазақстанның Руандадағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    СІМ-нің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Барлыбай Кәрімұлы 1964 жылы 25 қыркүйекте туған. 1988 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери институтын аудармашы-референт (урду және ағылшын тілі бойынша) мамандығы бойынша бітірген.

    Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында және еліміздің Италия, Швейцария, АҚШ-тағы шет елдердегі мекемелерінде түрлі орындаушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

    2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.

    2015 жылғы желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары, 2018 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның Пәкістандағы елшісі болған.

    2019 жылғы шілдеден бастап Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі қызметін атқарса, ал 2023 жылғы тамызда Кения Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалған.

    Ағылшын және урду тілдерін еркін меңгерген.

    II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

    Тоқаев Қазақстанның Руандадағы елшісін тағайындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.