Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұл қызметте оны Ұлан Бекіш алмастырды.
"Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Айнұр Серғазиева 2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.
Ал Ұлан Бекіш 2022 жылғы сәуірден бастап жаңа тағайындауға дейін "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ-ның бас директоры болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2349498-toqaev-memlekettik-qyzmet-isteri-agenttigi-toragasynyng-orynbasaryn-lauazymynan-bosatty/