jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Досаевты президент әкімшілігіндегі қызметінен босатты

    Ерболат Досаев
    Ерболат Досаев. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Айта кетелік, Ерболат Досаев Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған болатын.

    Ал 2025 жылғы 24 мамырда Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған еді.

    Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

    1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

    Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмәмдаған.

    Еңбек жолын 1993 жылы бастаған.

    Мансап жолында Досаев премьер-министрдің кеңесшісі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, қаржы вице-министрі, министрі, Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, денсаулық сақтау министрі, экономикалық даму және сауда министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары сияқты лауазымды қызметтер атқарған.

    Сондай-ақ ол әр жылдары Қазақстанның даму банкі директорлар кеңесінің, "Қазинвестбанк" АҚ директорлар кеңесінің, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының және Ұлттық банктің төрағасы болған.

    Ал 2022 жылғы 31 қаңтарда президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

    Тоқаев Досаевты президент әкімшілігіндегі қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.