jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Айбек Дәдебай Президент әкімшілігіндегі лауазымды қызметінен босатылды

    Айбек Дәдебай
    Айбек Дәдебай. Фото: Ақорда

    Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы болып 2024 жылғы 6 ақпанда тағайындалған еді.

    Ол 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

    2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

    2008-2011 жылдар аралығында сенат аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарған.

    2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

    Кейін алты жыл парламент сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

    2019-2021 жылдар аралығында – Президент кеңсесі бастығының орынбасары.

    2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Президент іс басқарушысының орынбасары.

    2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ҚР Президенті Іс басқарушысы болды.

    Айбек Дәдебай Президент әкімшілігіндегі лауазымды қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.