jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Солтүстік Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды

    Ержан Дүйсекенов
    Ержан Дүйсекенов. Фото: t.me/GenPr

    Аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Ержан Дүйсекеновтің кандидатурасы мемлекет басшысымен келісілген және тағайындау туралы бұйырыққа бас прокурор қол қойған.

    Ержан Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

    Әр жылдары Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.

    2023 жылғы қыркүйектен бері Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

    Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

    Солтүстік Қазақстан облысының жаңа прокуроры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.