jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаевтың көмекшісі Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

    Ержан Жиенбаев
    Ержан Жиенбаев. Фото: Ақорда

    Ержан Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    2002 жылы заң мамандығы бойынша "Тұран" университетін, 2018 жылы РХШжМҚА-ның Executive MBA бағдарламасы бойынша оқу бітірген.

    2002-2005 жылдары Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек атқарған.

    2005-2012 жылдары Премьер-министр кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, бас кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2012-2013 жылдары — Премьер-министр кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

    2013 жылдан 2019 жылғы шілдеге дейін Премьер-министр кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

    2019 жылғы шілде-қазан аралығында Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2019 жылғы қазаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 

    "Құрмет" (2016), "Парасат" (2021) ордендерімен, Қазақстан Республикасы президентінің алғысымен (2020), Қазақстан республикасының президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2021).

    Тоқаевтың көмекшісі Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.