jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

    Жандос Әбдібаев
    Жандос Әбдібаев. Фото: t.me/GenPr

    Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Бас прокуратура мәліметінше, Жандос Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

    Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2022 жылғы тамыздан Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

    Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

    Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.