jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Қуаныш Бахытұлы
    Қуаныш Бахытұлы. Фото: gov.kz

    Қуаныш Бахытұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Қуаныш Бахытұлы 1977 жылы дүниеге келген.

    1998 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін "іс-құжат жүргізуші-халықаралық деңгейдегі маман", 2008 жылы Шымкент университетін "экономика",  2010 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын жеке секторда бастап, әр жылдары түрлі коммерциялық ұйымдарда менеджер, бас директордың көмекшісі, директордың орынбасары, бас менеджер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері болған.

    Сондай-ақ Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы Әуезов және Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ-ның жүк тасымалы бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

    2022 жылғы тамыздан бүгінге дейін Алматы облысының Кәсіпкерлік, индустрия - инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.

    Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.