jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры болып қайта тағайындалды

    Берік Асылов
    Берік Асылов. Фото: Бас прокуратура баспасөз қызметі

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 3 наурызда палата отырысында сенат депутаттары Берік Асыловтың бас прокурор лауазымына кандидатурасын мақұлдады. Тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

    Өмірбаяны

    Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

    С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген.

    1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

    Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін:

    • 1997 ж., 2004 ж., 2005 ж., 2007 ж., 2011 ж., 2013 ж., 2017 ж. Қазақстан бас прокурорының алғыстары мен Құрмет грамоталарымен;
    • 2015 жылы Ресей бас прокурорының грамотасымен;
    • 2014 жылы І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомстволық медальдарымен марапатталған.

    Қазақстан прокуратура органдарының құрметті қызметкері, "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі табыс етілген.

    Қазақстан президентінің жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен және 2017 жылы І дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған, осы орденнің толық кавалері. 2026 жылы І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

    Борышын үлгілі атқарғаны үшін Ішкі істер министрінің, Қорғаныс министрінің, ҰҚК Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ведомстволық медальдарымен бірнеше рет марапатталған.

    Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

    Мансабы

    Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

    • 1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
    • 2001 - 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
    • 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
    • Қазақстан президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
    • 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болды.
    • 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
    • 2019-2022 жылдары Бас Прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
    Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры болып қайта тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.