jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

    Қанатбек Жайсанбаев
    Қанатбек Жайсанбаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Қанатбек Жайсанбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар 2012 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін тәмамдап, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылордадағы филиалында оқытушы болып бастаған.  

    2001 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Соттық әкімшілендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша сот әкімшілігінің бас маманы болып қызмет атқарған.

    2001 жылғы желтоқсанда Қызылорда облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, 2003 жылғы қыркүйектен бастап осы бөлімнің меңгерушісі болған.

    2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

    2007-2008 жылдар аралығында "Kazakh Integrated Services" ЖШС және "CNRG Capital" ЖШС-ның Астана қаласындағы өкілдігінде заңгер болып қызмет еткен.

    2008-2016 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.

    2016 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2021 жылғы сәуірден – 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.

    2022 жылғы 9 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

    2023 жылғы 1 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

    Ақорда сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң, Қазақстан Халық Кеңесінің Регламенті, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттары Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің құқықтық негізін құрайды.

    Қазақстан Халық Кеңесін ұйымдастырудың және оның қызмет тәртібінің осы Конституциялық заңмен реттелмеген мәселелері Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентімен реттеледі.

    Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты – мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу арқылы Қазақстан халқының мемлекеттік басқару саласындағы мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету.

    Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.