jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның Қырғызстан мен тағы бірнеше елдегі жаңа елшілері тағайындалды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының жарлықтарымен:

    Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

    Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Сонымен қатар Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

    Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

    Қазақстанның Қырғызстан мен тағы бірнеше елдегі жаңа елшілері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.