36 жастағы Дархан Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Дархан Мырзабаев ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Үкіметтің ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Дархан Мырзабаев 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Францияның Ұлттық жоғары мұнай және энергия көздері мектебін, Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Қытай-Еуропа халықаралық бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолы:
- Еңбек жолын Алматы қаласындағы "PGS Kazakhstan" ЖШС-да геофизик-тағылымгер болып бастаған.
- 2012-2015 жылдары – Лондондағы Schlumberger Ltd компаниясының аға дала геофизигі.
- 2015-2019 жылдары – "Тарбағатай Мұнай" ЖШС Барлау және игеру департаментінің кіші инженері, кен орындарын игеру жөніндегі инженері.
- 2020 жылы – Amazon EU S.A.R.L. компаниясының бағдарлама менеджері.
- 2021-2022 жылдары – "Эрнст энд Янг консультациялық қызметтер" ЖШС-нің аға кеңесшісі.
- 2022-2023 жылдары – Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басқарма басшысы.
- 2023 жылы – "CSI Stat" ЖШС менеджері.
- 2024 жылы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, департамент директоры.
- 2024-2025 жылдары – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары.
- 2025 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін ҚР үкіметі аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2399888-darhan-myrzabaev-onerkasip-zhane-qurylys-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/