jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Балқаш қаласының жаңа әкімі Саян Мұратұлы
    Балқаш қаласының жаңа әкімі Саян Мұратұлы. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

    Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің және Балқаш қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Балқаш қаласының әкімі болып Саян Мұратұлы тағайындалды, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Жаңа қала басшысын Балқаш қаласының активіне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды. Облыс әкімі жаңа әкімнің алдына қойылған негізгі міндеттерді айқындап, қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу және әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асырудың басым бағыт екенін атап өтті.

    "Сіздің басты міндетіңіз — балқаштықтардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Сонымен қатар туризм саласын өркендетуге ерекше назар аудару қажет. Атап айтқанда, Балқаш көлінің бірегей табиғи әлеуетін спорттық және туризмнің өзге де түрлерін дамыту үшін барынша тиімді пайдалану маңызды.

    Осыған байланысты туристік инфрақұрылымды жетілдіру, жағалау аймағын абаттандыру, инвестициялар тарту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ жаңа туристік бағыттар мен нысандарды қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет", — деді Ермағанбет Бөлекпаев.

    Саян Мұратұлы мемлекеттік басқару жүйесінде 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде абаттандыру, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы қызметінен бастаған.

    Балқаш қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.