jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Талғат Рахманберді
    Талғат Рахманберді. Фото: Астана әкімдігі

    Талғат Рахманберді Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды елордалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Өзге жұмысқа ауысуына байланысты Есет Байкеннің орнына елорда әкімінің орынбасары болып Талғат Рахманберді тағайындалды. Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл қызметке Талғат Рахманберді бекітілді. Осыған дейін ол Астананың Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған", - делінген хабарламада.

    Талғат Рахманберді Еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып бастаған.

    Әр жылдары "Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы" қоғамдық бірлестігін басқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының (Астана қаласы) қылмыстық процесс заңдылығы мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасында аға прокурор, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және өзге де қызметтерді атқарған.

    2016 жылғы сәуірден 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылғы сәуірден бастап Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

    2019 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы мен Ішкі саясат басқармасын басқарған, сондай-ақ қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

    2023 жылғы 18 қазаннан бастап жаңа тағайындауға дейін Байқоңыр ауданының әкімі болған.

    Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.