33 жастағы Айнұр Шаймерденова Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
33 жастағы Айнұр Шаймерденова Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Айнұр Қайратқызы 1992 жылы 25 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 2014 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, 2021 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша аяқтаған.
Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Өңірлік кадр резервінің резервисті.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Мемлекеттік органдарда, оның ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, корпоративтік басқару және комплаенс саласында жұмыс істеген.
Жаңа тағайындауға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ корпоративтік хатшысы қызметін атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2404992-33-zhastagy-ainur-shaimerdenova-petropavl-qalasy-akimining-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
