Нұрлан Әлімжанов Астанадағы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды
Жарияланған күні:

Нұрлан Әлімжанов Астанадағы Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте басқа жұмысқа ауысқан Талғат Рахманбердіні алмастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған.
2012 жылғы тамыздан 2015 жылғы шілдеге дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратында және Балқаш қаласы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарған.
2015 жылғы шілдеден 2020 жылғы маусымға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарда еңбек еткен.
Кейін Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасын, содан соң кәсіпкерлік басқармасын басқарған.
2023 жылғы сәуірден тамызға дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.
2023 жылғы 4 қыркүйектен жаңа тағайындауға дейін Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/appointments/2405126-nurlan-alimzhanov-astanadagy-baiqongyr-audanynyng-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/
