jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Арман Исағалиев cыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

    Арман Исағалиев
    Арман Исағалиев. Фото: gov.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев cыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл лауазымды Арман Исағалиев иеленді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

    Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Арман Исағалиев 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

    1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

    1994-1995 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы.

    1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері.

    2000-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы.

    2004-2006 жылдары – Бизнес құрылымдарында жұмыс.

    2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі.

    2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.

    2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы.

    2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

    2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушысы.

    Жаңа тағайындауға дейін 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

    Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

    Арман Исағалиев cыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.