jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

    Назгүл Хатепова
    Назгүл Хатепова. Фото: primeminister.kz

    Назгүл Хатепова Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

    Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсындағы мәліметке сәйкес, Назгүл Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды.

    2012 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі құрылымында менеджер, сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.

    2021–2022 жылдары — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы.

    2022–2025 жылдары — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры.

    2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі, егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.